Түркістан облысында мұғалім 14 жастағы қызды зорламақ болған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Күдікті қамауға алынды. 

Түркістан облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 14 жастағы қызды зорламақ болған
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, 38 жастағы мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын Шымкентке алып барып, қыдыртпақ болған. Содан жолда арам ойын жүзеге асырмақ болып, зорлық әрекеттерін жасаған.

Аталған факт бойынша Түркістан облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.

— Күдікті қамауға алынған. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Сонымен қатар тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте стадион маңынан өтіп бара жатқан жасөспірімге садақ жебесі тигенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар