Түркістан облысында екі адам мінген көлік суға түсіп кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Түркістан облысы Сайран ауданы Қарашық ауылындағы Қарашық каналына белгісіз жағдайда екі адам мінген жеңіл көлік суға түсіп кетті.

Түркістан облысында екі адам мінген көлік суға түсіп кетті
Фото: видеодан алынған скрин

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында құтқару арқанының көмегімен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік те судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар