Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды

Экстремизм
Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады.

«Күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болып табылатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар