Түркістан облысында емделіп жатқан сотталушы ауруханадан қашып кетті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы ауруханадан қашып кетті. Оқиға 23 қазанда болған.

Шымкент
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

— Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, оның қорытындысымен барлық кінәлі тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданады. Аталған жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, — делінген облыстың ПД ресми хабарламасында.

Бұдан бұрын Ұлттық нейрохирургия орталығы отаға мұқтаж сотталушыны жатқызудан бас тартқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар