Түркістан облысында интернет алаяқтар 70 млн теңгеден аса қаражат жымқырған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында жыл басынан бері 661 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелген.

алаяқтық
Фото: ҚР ҰҚК

Түркістан облыстық Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар 38 күдікті ұсталды.

- Олар азаматтарға жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сонымен қатар Астана қаласында орналасқан 68 дроптан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті. «Антифрод-орталық» жүйесі арқылы биыл күдік келтіретін 1 288 тұлғаның есепшоттарын бұғаттауға арнайы органдарға ұсыныс жолданды, - деді облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Ералыұлы.

Сондай-ақ Полиция департаменті мен Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалған меморандум аясында «Кибернадзор» жүйесі арқылы 4 300 құқыққа қайшы контент бұғатталды.

Бұдан бұрын Түркістан облысында полицей пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар