Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті қамауға алынды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Жәбірленушінің үйіне барған күдікті ешкімнің жоқ сәтін пайдаланып, жасөспірім қызды қорқытып, зорлаған.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмысқа қатысы бар адамның қамауға алынғандығын мәлімдеді.
- Келес ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы іс-қимыл фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыс жасауы ықтимал күдікті анықталды. Ол жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары атқарылуда. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында,-делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.