Түркістан облысында кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. 

Түркістан облысында кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алғаны және қосымша 4 миллион теңге талап еткені анықталған.

Жедел уәкілдер күдіктіні Сайрам ауданындағы кафелердің бірінде 6900 АҚШ долларын алып жатқан сәтінде қолға түсірді.

Түркістан облысында кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда полиция барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр, — делінген ведлмства ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сайрам ауданында 8 адам бөтен үйге басып кіріп, бүкіл отбасын соққыға жыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар