Түркістан облысында қызылша жұқтырғандар саны мыңнан асты

Түркістан облысында қызылша аурушаңдығынан эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Ажар Ғиният балаларды қызылшаға қарсы уақытылы вакциналауға шақырды
Фото: gov.kz

Түркістан облысында қызылша жұқтырғандар саны 1000 асты. Өңірде 2731 күдікті жағдай тіркеліп, оның 1139 зертханалық түрде дәлелденіп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 86,1 пайызды құраған. Атап айтқанда, 69 мектептің 115 оқушысы мен 68 балабақшаның 100 тәрбиеленушісі инфекция жұқтырған. Қазіргі таңда өңірде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүріп жатыр. Әзірге 25466 бала екпе алды.

«Ауа тамшылары арқылы жылдам тарағыш инфекцияның инкубациялық кезеңі 7 күннен 21 күнге дейін созылады. Суық тию белгілерімен басталып, дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі және ең басты көрінісі - денеде бөртпелердің пайда болуымен сиапатталады. Қызылша аурының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайдарда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы қарсы екпе алу керек. Бүгінгі таңда барлық емдеу мекемелерінде вакцина жеткілікті» - деді Түркістан облысының СЭБД басшысы Н. Нышанов.

Соңғы жаңалықтар