Түркістан облысында колледж студентінің мәйіті табылды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында жас қыздың мәйіті табылды. Ол колледждің бірінші курс студенті болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 маусым күні таңғы сағат 07:05 шамасында тіркелген.
Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдары күдіктіні жедел іздестіру нәтижесінде ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте такси көлігін таспен ұрған бойжеткен қамауға алынғанын жазған болатынбыз.