Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында 9 шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған. 

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды
Фото: polisia.kz

Өңірде көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр. 

Polisia.kz-тің мәліметінше, аталымыш іс-шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция жұмылдырылған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде Ордабасы ауданында 9 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ үш азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. 

Бұдан бөлек, полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көші-қонын реттейтін заң жобасын мақұлдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар