Түркістан облысында құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кетті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының Түлкібас ауданында құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кетті
Фото: видеодан скрин

Оқиға Т.Рысқұлов ауылындағы базар аумағында болған. 1969 жылы туған ер адам құрылыс алаңындағы тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға абайсызда құлап кеткен. Ол өздігінен шыға алмай қалған. Содан төтенше жағдай мамандары шақыртылды.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар зардап шеккен адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

56 жастағы азаматтың құлауына құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында арнайы шомылу орындарының аздығы ең үлкен мәселенің біріне айналғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, өңірде шомылу майсымы басталмай жатып су айдындарында 21 қайғылы оқиға тіркелді.

Соңғы жаңалықтар