Түркістан облысында күшті жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Мамандар табиғаттың тосын мінезінің салдарын жоюмен тәулік бойы айналысты.

Түркістан облысында күшті жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатты
Фото: Оңтүстік жарық

Күн райының күрт өзгеруіне байланысты Түркістан облысында 110/35/10 кВ кернеулі әуе электр желілерінде апаттар болды.

Түркістан облысында күшті жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатты
Фото: Оңтүстік жарық

Жел ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырып, электр желілерінің кейбір бөліктеріне зақым келтірді. Бірқатар елді мекенде уақытша электр жарығы сөндірілді.

— Төтенше жағдайдың салдарын жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін барлық қажетті күш пен техника жұмылдырылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, — деп хабарлады мамандар.

Түркістан облысында күшті жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатты
Фото: Оңтүстік жарық

Айта кетейік, бұдан бұрын синоптиктер өңірде жаңбыр жауып, жел мен дауыл тұратындығын мәлімдеген болатын. Ал, «Қазгидромет» мамандары Шымкент қаласында 18 мамырда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтималдылығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, Батыстан, Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп болжанып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар