Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында өткен жылы 615 бас мал ұрланып, оның 474 басы өз иелеріне қайтарылды.

мал ұрлау
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

— Полицейлердің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысып жүрген 19 қылмыстық топ ұсталып, 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 47 мал ұрлығына қатысы бары анықталды, — делінген ресми хабарламада.

Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы өңірде 100-ден аса мал ұрлығы тіркелген.

Еске салсақ, таяуда Түркістанда ҚР ІІМ-нің «2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиын барысында малға ен салып, таңбалау мәліметтерін тексеру үшін полиция планшеттерінің ветеринариялық қызмет дерекқорларымен өзара іс-қимылы мен интеграциясын күшейту мәселелері талқыланған болатын.

Бұдан бұрын Түркістан облысында заңсыз аң аулағандар ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар