Түркістан облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен балалар табылды

Құтқарушылар
Фото: Видеодан алынған кадр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысында жоғалған екі баланы тікұшақпен іздеп тапты.

«Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 км таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты.

Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп жазды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмады. 

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар