Түркістан облысында аурухананың қарауылы дәрігердің қағаздарын трамадол алуға пайдаланған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Полиция қызметкерлері күдіктіден 2400-ден астам трамадол таблеткасын тәркіледі.

Трамадол
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы «трамадол» психотроптық затын тасымалдаған күдіктіні ұстады. Ордабасы ауданында «Тойота Камри» маркалы автокөлікті тоқтатқан тәртіп сақшылары салоннан 120 «трамадол» таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тапты.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды.

Алынған препараттың жалпы саны 2416 «трамадол» таблеткасын құрады. 

- Тергеу барысында күдіктінің Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істейтіні анықталды.Ол «дәрігер беретін рецептінің» таза бланкілерін пайдаланып, «трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталуда, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын полиция қызметкеріне пара бермек болған ақтөбелік айыппұл төлегенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар