Полиция қызметкеріне пара бермек болған ақтөбелік айыппұл төлейді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе тұрғыны полицияға 10 мың теңге пара бермек болып, қылмыстық жауапқа тартылды. Ол енді айыппұл төлейді.

Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

№2 Ақтөбе қалалық сотында полиция қызметкеріне пара бермек болған сотталушының ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, көлік айдауға құқығы жоқ сотталушы мас күйінде рульге отырған. Полиция қызметкеріне ұсталған сәтінде ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырмай-ақ қоюды өтініп, 10 000 теңге ұсынған. 

- Бұл іс сотқа прокурор мен айыпталушы арасындағы кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келіп түсті. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Прокурор Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Соттың үкімімен солтталушы кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 112 500 теңге сомасында параның он бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, Ақтөбе қаласының тұрғыны темір торда отырған күйеуін бостандыққа шығарып алмақ болып, алаяққа алдынды. Ол апелляциялық сот арқылы көмек көрсетуге уәде берген адамға 112 млн теңге ақша төлеген.

Соңғы жаңалықтар