Түркістан облысында оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткен мұғалімнің ісі полицияға өтті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Мақтаарал ауданында болған жағдайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар да өз бақылауына алды.

Түркістан облысы
Фото: Видеодан алынған скрин

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған факт бойынша Мақтаарал ауданының полиция бөлімінде іс тіркелген. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында мұғалім оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткенін жазған болатынбыз.

Аталған жағдай 14-наурыз күні Мақтаарал ауданында болған. Түркістан облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде бұл мәселені ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өз бақылауына алған.

 

Соңғы жаңалықтар