Түркістан облысында «Отбасымызбен дауыс береміз!» акциясы өтіп жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - «Отбасымызбен дауыс береміз» акциясы аясында көпбалалы жанұялар референдумға қолдау білдіріп, дауыс беріп жатыр.

Референдум
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Арыс, Кентау қалалары мен Жетісай, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас аудандарында ел келешегі үшін маңызды шешім қабылданар науқанға қолдау білдіріп, отбасының барлық мүшелері дауыс беруге келді. Солардың бірі кентаулық Таласбаевтар отбасы. Ұл-қызы мен келіндерін ертіп келген отағасы көпшілікті референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

Референдум
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Жалпы бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мәселен, Түркістан қаласындағы №133 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып, ең жас дауыс беруші келді. 18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, ол ел тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының халқы ел аумағында атом электр станциясын салуына қатысты ортақ бір шешімге келмек. Осыған орай, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелері өз қызметін бастады.

Соңғы жаңалықтар