Түркістан облысында референдум учаскесіне тау адамы келді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Созақ ауданының орталығы Созақ ауылында орналасқан №708 референдум учаскесіне Қаратау бөктерінде жалғыз өзі өмір сүретін тұрғын — халық арасында тау адамы атанып кеткен Шавкат Жұртанов келіп, өз таңдауын жасады.

Түркістан облысында референдум учаскесіне «Тау адамы» келді
Фото: видеодан салынған скрин

Жасы алпысқа таяған ол Қаратау бөктерінде табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Тау басына күрке тігіп, кей кездері жападан-жалғыз бірнеше ай бойы сонда тұрады.

Түркістан облысында референдум учаскесіне «Тау адамы» келді
Фото: видеодан салынған скрин

Табиғат аясындағы тыныш тіршілікті таңдаған азамат қоғамдағы маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Референдумға қатысып, азаматтық міндетін орындады.

Тау адамының референдум учаскесіне арнайы келіп, дауыс беруі ауыл тұрғындарының да назарын аударды. Шавкат Жұртанов ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат маңызды саяси науқанға қатысуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ бүгін Қызылордадағы №260 сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді. Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі референдумда өз таңдауын жасады.

 

Соңғы жаңалықтар