17:34, 30 Мамыр 2024 | GMT +5
Түркістан облысында суға батып кеткен 17 жастағы бозбала қайтыс болды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының құтқарушылары тыйым салған жерде шомылып, суға батып кеткен баланың денесін тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған бала Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды. Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.
«ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді!» - делінген хабарламада.
Бұған дейін жыл басынан бері 12 адамның ажалы судан болғанын жазған едік.