16:21, 21 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Түркістан облысында тұтқындар бүлік шығарды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Қамау режимімен келіспеген тұтқындар әрекеті салдарынан ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі мен ҚАЖД бір қызметкері дене жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Түркістан облысының мекемесінде сотталғандардың бір бөлігі ұстау режимімен келіспеуіне байланысты бағынбаушылығын білдірді. Мекемеде ҚАЖК төрағасы, ҚАЖД және Ұлттық ұланның басшылығы, жеке құрамы, сондай-ақ қадағалау органдары жұмыс істеп жатыр», -делінген ведомства ақпаратында.
Бұған дейін Түркістан облысында оқушы қыз бен анасын өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.