Түркістан облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғынды ұстады.

Түркістан облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері мен орман шаруашылығы инспекторлары мал жайылымы маңында күдік тудырған УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

— Тексеру барысында көлік ішінде болған екі ер адам қашып кетуге әрекеттенген, алайда көп ұзамай ұсталды. Оқиға орнынан екі жабайы қабанның мүшеленген еті, тіркелмеген 3 аңшы мылтығы және 30-дан астам оқ-дәрі тәркіленді, — делінген Түркістан облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта заңсыз аңшылық дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Түркістан облысында полицей пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар