Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Әрбір маманға 300 000 – 350 000 теңге аралығында жалақы беріледі. 

Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет
Фото: Бауыржан Найманов

Арыс қаласы мен Отырар ауданындағы 32 мың гектар алқапқа мақта кластері құрылады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Аталған жоба аясында «Алтын Мақта» ЖШС-не 1400 жұмысшы маман қажет.

Атап айтар болсақ, 50 – трактор жүргізушісі, 250 – жүк тиеуші, 300 – дән себу кезіндегі жұмысшылар, 400 – тамшылатып суару жүйесін жалғаушылар, 400 – егістік алқабын бақылаушы керек. 

- Әрбір маманға 300 000 – 350 000 теңге аралығында жалақы беріледі. Басқа аудан, қалалардан келетіндерге тұратын жер мен үш мезгіл тамақ қарастырылған. Басты міндетіміз - әрбір жұмыссыз азаматтың тұрақты жұмысқа орналасып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, – дейді облыстық еңбек мобильді орталығының директоры Абзал Дәулетұлы. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында егін егетін жердің 32 пайызы сорланып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар