Түркістан облысындағы өрт: 7 жасар жеткіншек Шымкентке жеткізілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациялық қызметі Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына кезекті санитарлық рейс орындады.

Скорая помощь с неба: один день с санавиацией Костанайской области
Фото: Дарья Аверченко

Санитарлық рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК-ның үйлестіруімен ұйымдастырылды. Рейс барысында Түркістан облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен, 2018 жылы туған жеткіншекті Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

- Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды. Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зардап шеккен азаматшаны межелі жерге жеткізді, - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Қону сәтінен кейін азаматша арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

Еске сала кетсек, 18 қараша күні Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.

Облыс әкімдігі тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен бірге марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толықтай қолдау жасалды.

Өрттен кейін медициналық мекемеге жеткізілген үш адамның біреуі есін жиды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев өрттің себебін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді. 

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттің алдын ала себебі айтылды.

Жетісайдағы өрттен зардап шеккен науқас Шымкентке жеткізілген болатын.

Кеше Жетісайдағы өрттен аман қалған әйел адам Шымкентке жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар