Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Ордабасы ауданының тұрғыны, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия түлегі Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже — 140 ұпай жинады.

ҰБТ Жәнібек
Фото: Түркістан облысы Білім басқармасы

Жәнібек ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, өз күшімен үздік нәтижеге жеткен ол табандылықтың, еңбекқорлық пен жүйелі дайындықтың үлгісін көрсетті.

— Жәнібек Асқарұлы — өз арманына сеніммен қадам басқан, жауапкершілігі жоғары, уақытты тиімді пайдалана білетін ізденімпаз жас. Оның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлкен үлгі бола алады. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, алдағы білім жолында биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз, — делінген Түркістан облысы Білім басқармасы таратқан хабарламада.

ҰБТ нәтижесі
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Жәнібек 1-сыныптан бастап аталған мектепте оқып, білімге деген ерекше ынтасымен, үздік үлгерімімен көзге түскен. Мектеп директоры Сәуле Исанова болса, ал сынып жетекшісі — Гүлзира Бортай.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушылардың бірінің жағдайы тұрақталғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар