Түркістан облысының полицейлері кісі өлтірген күдіктіні іздеп жатыр
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Төлеби ауданында ер адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова мәлімдеді.

Оқиға Түркістан облысы Біркөлік ауылындағы демалыс аймағында болды. 51 жастағы ер адамның денесінен пышақ жарақаттары табылған.
«Күдіктінің жеке басы анықталды және оны ұстау шаралары қабылданды. Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктіні іздестіруге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деді Гүлнар Абдужаппарова.
Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда екі студент қыз төртінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.