Түркістан облысының тауларында алты турист құтқарылды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — 6 туристі іздеген ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта 4 шақырым, өзен бойымен 1 шақырым жүріп өтті. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Кеше Шымкент қаласының тұрғындары үш ер, үш әйел Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға аттанған. Алайда, олар белгіленген уақытта оралмаған. Олармен байланыс үзілген. Туыстарының бірі құтқарушылардан көмек сұраған.
Құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркінің аумағына аттанып, 5 шақырымға жуық таулы жермен, соның ішінде 1 шақырым таулы өзеннің бойымен жүріп өтті.
Топ түнгі уақытқа қарай таудан табылды. Белгілі болғандай, әйелдердің бірі аяғын сындырып алған, ал қалғандары оны өз күштерімен тасымалдай алмаған.
Айта кетелік Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды.