Түркістанда 600-ден аса малды құжатсыз тасымалдағандар әшкереленді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өтті.

Түркістанда 600-ден аса малды құжатсыз тасымалдағандар әшкереленді
Фото: Видеодан скрин

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операцияға 90 полиция қызметкері мен 43 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып, облыс аумағындағы негізгі бағыттар толық қамтылды.

— Жеті тәуліктің ішінде полицейлер мал тиеген 48 жеңіл-жүк көлігін тоқтатты. Нәтижесінде 38 автокөліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 мал анықталды. Құжатсыз мал тасымалдаған жүргізушілер заң аясында шара қолдану үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді, — делінген ведомство хабарламасында.

Түркістанда 600-ден аса малды құжатсыз тасымалдағандар әшкереленді
Фото: Видеодан скрин

Қазіргі таңда іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына жолданып, әрбір дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары басталды.

Бұдан бұрын Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум