Түркістанда аялдаманы көлігімен қиратқан жүргізуші мемлекетке келтірген шығынды өтейтін болды

Түркістанда аялдаманы көлігімен қиратқан жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Оқиға 30 қазан күні болған. Тыныштығұлов көшесінде тұрған аялдаманы «mersedes» көлігімен соғып кеткен жүргізуші, мемлекетке келтірген шығынды өтейтін болды. Әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұраған ол өз ісіне өкінетіндігін айтты.

«Мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеп беремін. Мұндай істі енді қайталамаймын, өз ісіме өкінемін»-деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар