21:56, 16 Тамыз 2025 | GMT +5
Түркістанда бір жасар бала даладағы әжетханаға түсіп кетті
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан қаласында төтенше жағдай орын алды. Талас көшесінде бір жасар бала абайсызда дала әжетханасына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарды пайдаланып, сәбиді қауіпсіз жерге шығарып алды. Кейін бала жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқару жұмыстарына Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының 1-МӨСБ бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы тікелей қатысты. Ол бүлдіршінді құтқару үшін әжетхананың ішіне түскен. Кейін әріптестерінің көмегімен сыртқа шықты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда көпқабатты үйлерде тәртіп бұзғандарға айыппұл салынатындығын жазған болатынбыз.