Түркістанда қараусыз қалған 70 нысан анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қала аумағында түнгі жарықтандырумен қамтылмаған 38 көшенің 27-сінде жұмыстар толық аяқталған. Ал қалған 11 көшеде жұмыстар әлі жалғасып жатыр. 

үй
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Қала әкімдігінің хабарлауынша, зерделеу нәтижесінде шаһар аумағында қараусыз қалған 70 нысан анықталған, оның басым бөлігі — жеке үйлер.

— Аталған ғимараттардың 12-сі жойылды, қалғандарының иелерімен ретке келтіру немесе сүріп тастау жұмыстары атқарылып жатыр, — делінген ресми ақпаратта.

Биыл қалада 200 бейнебақылау камерасы толық жаңартылып, қосымша 210 жаңа камера орнатылды. Ал келесі жылы тағы 275 камера орнату жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын Түркістанда ит пен мысықтан зардап шеккендер көбейгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар