19:47, 19 Наурыз 2024 | GMT +5
Түркістанда қызғалдақтар ашылып, жыландар інінен шыға бастады
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Түркістанда грейг және карольков қызғалдағы ашылды.

Түркістан облысында наурыздың символы болған қызғалдақтар ашылып жатыр. Табиғаттанушы Ғани Назарбек Арыс қаласы мен Ордабасы ауданында гүлдеп тұрған қызғалдақтарды кездестіріп, суретке түсіріп алған.
Ал, Сырдария-Түркістан табиғи паркі аумағында жыландар інінен шықты. Бұл құбылысты орман қорғаушылар байқап, таспаға басып алған.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстікте өрік пен бадам ағаштары гүлдегенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, бәйшешек те ерте бүр жарды.
