Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Дүниежүзілік туризм күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығында орналасқан Қолөнершілер қалашығының ресми ашылу салтанаты өтті. 

Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Түркістанда «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Халықаралық фестивальге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей елдерінен 100-ге жуық қолөнерші келді.

Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

World Craft Council халықаралық ұйымының құрметті елшісі Азиз Муртазаев арнайы келіп, World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен қабылданған шешім бойынша Түркістанға «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі куәлігін табыстады.

Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірегей нысанның ашылу рәсімінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Turkistan World Craft Fest халықаралық фестиваліне арнайы жиналған әлем шеберлері ерекше орталықтың жұмысына жаңаша серпін береді деп сенеміз. Биыл Түркістанға «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи шаһар ежелден қолөнер мен сауда орталығы болған, – деді ол.

Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар