Түркістанда референдум күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — 15 наурызда өтетін республикалық референдум күні Түркістан қаласында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді.

Қостанайда референдум күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
Фото: Қостанай әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл шара тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

— Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады. Тегін жол жүру мүмкіндігі қаладағы барлық автобус бағыттарына қатысты болады. Осылайша тұрғындар референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетіп, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алады, — деп хабарлады қала әкімдігі.

Түркістан қаласында барлығы 65 референдум учаскесі жұмыс істейді. Жалпы шаһарда 134 094 дауыс беруші тіркелген.

Референдум учаскелері қаланың әртүрлі нысандарында ұйымдастырылған. Атап айтқанда, 44 учаске жалпы білім беретін мектептерде, 7 учаске университеттер мен колледждерде және оқушылар сарайында, 3 учаске спорт мектептерінде, 4 учаске ЖШС ғимараттарында, 6 учаске балабақшаларда, ал 1 учаске ауруханада орналасқан.

Бұдан бұрын Түркістан облысында 1,2 млн-ға жуық азамат референдумда дауыс бере алатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум