00:15, 18 Наурыз 2024 | GMT +5
Түркістанда шаңырақ көтерген жас жұбайларға әжелер ақыл айтып, қариялар кеңес берді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні қарсаңында Түркістан қаласында Неке қию рәсімі өтті.
Неке сарайында 3 жұп жас жұбайлар шаңырақ көтеріп, некеге тұрды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар.

Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң мамандары салтанатты шараға куә болса, ал Түркістан қаласы әжелер алқасының мүшелері жас отбасыларға батасын берді. Жанұя құндылығын дәріптеуге бағытталған іс-шарада 50 және 25 жыл отасқан жұптар жастарға өз кеңестерін айтты.