Түркістанда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмайды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында биыл үш жерге шырша орнатылады. Бұл іске бюджеттен бір тиында бөлінбейді. Бар шығынды демеушілер көтермек.

Новый год Жаңа жыл елка шырша
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл Түркістан қаласында жаңа жылдық шырша керуен-сарай кешені аумағына және Жеңіс саябағына қойылады. Ал, әкімшілік-іскерлік орталыққа бас шырша орнатылады. 

Бір айта кетерлігі, биыл да қала әкімдігі мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы бөліп отырған жоқ. Қолданыстағы шыршалар мен сәулеттік нысандар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан қаланы безендіру ісіне басымдық берілмек.

Ал, шырша орнатып, жаңа жылдық безендіру жұмыстары Тәуелсіздік мерекесінен соң басталады.

Айта кетейік, былтырғы жылыда Түркістан қаласында жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қаралмаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар