Түркістанда жасөспірімдер балалар ойын алаңын қиратқан

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Оқиға қаладағы Отырар шағын ауданында болды.

Енді полиция ауруханаларды тәулік бойы күзетеді
Фото: Қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Кәмелетке толмаған балалардың ойын алаңындағы құрылғыларды сындырып тастаған әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру жұмыстарының барысында құрылғыларға едәуір зиян келтірген үш жасөспірім анықталды. 

- Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасаған 6-шы сынып оқушыларының ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға мұндай әрекеттерге жол бермеу және қоғамдық орындарға құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндірді. Қоғамдық орындарды сақтау – әрбір азаматтың парызы. Қала тұрғындары мен қонақтарын абаттандыру ережелерін сақтауға, ойын алаңдарын, орындықтар мен өзге де нысандарды бүлдірмеуге, қоқысты арнайы орындарға тастауға және шаһарды таза ұстауға шақырамыз, - делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда балалар үйінен кетіп қалған екі қыз іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар