Түркістанда жекеменшік мектептің шатыры өртенді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістанда екі қабатты жекеменшік мектеп ғимаратының шатырынан өрт шықты. Оны сөндіруге құтқарушылар жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды.

Түркістанда жекеменшік мектептің шатыры өртенді
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Өрт Нахипов көшесінде болған. Жалын ғимараттың шатырын шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі мен Апаттар медицинасы орталығының 35 қызметкері және 9 техникасы тартылды.

Түркістанда жекеменшік мектептің шатыры өртенді
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды.

— Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — деп хабарлады Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Түркістанда жекеменшік мектептің шатыры өртенді
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Бұған дейін Шымкентте Қаратөбе тасжолында газ құбырында өрт шыққаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан 1500-ден астам жеке үй мен бірқатар нысан газсыз қалған