Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі көрші үйдің кәріз құдығынан табылды

бала жоғалды
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан қаласында ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

«3 желтоқсан күні күндіз үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 жасар баланың мәйіті көрші үй маңындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін судмедэксперттер тексеріп шығып, зорлық-зомбылық белгілерін таппады.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы, Полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиға орнында жүр. Болған жғдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Бүлдіршін 1 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іздестіру жұмыстарына 1 мыңға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция мен төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер бар.

2 желтоқсан күні дрон мен иісшіл иттер тартылды. Ал 3 желтоқсанда әскерилер жұмылдырылғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар