Түркістандағы «Найман» каналының 18 шақырымы бетондалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазсушардың» Түркістандағы филиалы «Найман» каналының 18 шақырымын бетондады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

«Найман» каналының 18 шақырымын бетондалды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Нысан бойында 42 су өткізу шлюзі мен 6 су тоспасы орнатылды.

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар өзен үстінен өтетін акведук те жоспарға енгізілді. «Найман» каналының жалпы ұзындығы — 29 шақырым. Бұл нысан 650 гектар егістік алқабын суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— Бұрын бұл шағын арық қана болатын, қазір бүкіл өңір үшін маңызды гидротехникалық нысанға айналды. Каналды бетонмен қаптау суармалы судың шығынын азайтып, оны тиімді пайдалануға жол ашады, — деді «Қазсушардың» Түркістан облысындағы филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Бұған дейін у ресурстары министрлігі Франция мамандарымен бірлесіп Балқаш көлі бассейніне зерттеу жүргізді.

Соңғы жаңалықтар