Түркістандық лудоман бұрынғы әйелін кепілге алып, өлтірмек болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Оқиға кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алды.

қылмыс
Фото: видеодан алынған кадр

Оқиға Сайрам ауданында болған.

102 пультіне хабарласқан жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан соң күйеу баласы пышақпен қорқытып, қызын кепілге алып кеткенін жеткізген. 

«Өлтіремін» деген ол «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» трассасымен Қызылорда облысына қарай бағыт алған. 

«Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрылды. „Арлан“ арнайы жасағының күшімен „Асар“ ықшамауданының маңында күдікті ұсталды. Оқиға кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманиямен ауырады. Үш баласы бар. 2021 жылы ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Қазір қамауда отыр» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар