Түркістандық полицейлер адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адамды ұстады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Жергілікті тұрғынға танысын өлтірмек болды деп айып тағылған болатын. Қазір күдікті қамауға алынды.

Полиция
Фото: ІІМ

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстаған.

«Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды» - делінген ведомства ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын жәбірленушінің 19 жерінен пышақ сұғып, қашып кеткен түркістандық тұрғын іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. Күдіктіні іздеуге Түркістан полициясының жеке құрамы толығымен жұмылдырылды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум