Түркістандық жастар «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында тимбилдинг өткізді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоғамдық сананы арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жүзеге асырды. Оған 100-ге жуық жас пен еріктілер қатысты.

Қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Қатысушылар «Біз таза қаланы қолдаймыз!», «#TazaQazaqstan2025 – сен де қосыл!» сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады. Іс-шара барысында тұрғындармен сұхбат жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.

«Жібек жолы» саябағында өткен бұл шараға қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттады.

Сонымен қатар, жастардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында тимбилдинг форматында жаттығулар мен ойындар өткізілді.
Айта кетелік Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін не істелетіні туралы жазған едік.