Түркістанға Мәскеу мен Бакуден әуе рейсі ашылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей мен Әзербайжан астаналарынан Түркістанға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін мәлім етті.

самолет
Фото: Көлік министрлігі

— Қазір Түркістан бағытында үш халықаралық рейс бар — Кувейтпен, Абу-Дабимен және Ыстамбұлмен. Ендігі кезекте Бакумен және Мәскеумен рейс ашу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Нақты шешім қабылданғаннан кейін ұшатын уақыты мен бағыттарын қосымша хабарлаймыз, — деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, аталған құжат аясында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынбақ.

Сондай-ақ, әкімдік өкілі депутаттарға Түркістан қаласы неге арақсыз қалаға айналмай жатқанын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум