Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді

ТҮРКІСТАН.KAZINFORM- Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тамашалады.

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр.

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанның ең көрікті орындарының біріне айналған «Керуен сарай» кешенінде ұлттық дәстүр мен өнерді қамтыған мазмұнды бағдарламар көпшілік назарына ұсынылды. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ұлттық тағамдар көрмесі арқылы салт-дәстүріміз дәріптелді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, Наурыз мейрамының айшықты дәстүрі жалғасын тапты. 

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Концерт барысында ұлттық аспаптарда орындалған әуендер мен халық билері, түркі халықтарының музыкалық өнері, қазақтың «Тойбастар», «Наурыз-Думан» және өзге де әндері, «Жарапазан» тұрмыс-салт жыры және дәстүрлі өнер қойылымдары қамтылған. Күй күмбірлеп, бишілер би биледі. Ондаған киіз үй тігіліп облысымызбен қатар еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келген саяхатшылар Түркістан төріндегі Наурыз тойына куә болды.

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Олардың ішінде «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға келген 300-ден аса турист те бар. 

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Саяхатшылар Түркістанның тарихымен, мәдениетімен танысады. Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығын аралап, Қожа Ясауи кесенесіне зиярат етеді. 

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, өткен жылы «Жібек жолы» туристік пойызы өз жұмысын бастаған болатын. Бірнеше күнге созылатын саяхатта туристер Алматыдан бастап, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын аралап, туристік орындарымен танысады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда Наурыз қалай тойланып жатқанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар