00:15, 27 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Түркістаннан Алматыға қарай жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 желтоқсаннан бастап Түркістан және Шымкент бағыттарынан Тараз бен Алматыға қарай жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.
– Қатты жел, көктайғақ, сондай-ақ жол көрінісінің нашарлауы көлік қозғалысына қауіп төндіреді. Осыған байланысты жолға шықпауды сұраймыз, – деді облыстық ПД Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Бақтыбек Жәнібеков.
Полиция өкілдері тұрғындар мен жүргізушілерді уақытша шектеулерге түсіністік танытуға шақырады.
Бұған дейін ауа райына байланысты Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектелгенін жазған едік.
Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.