Түркістанның бірнеше қаласында референдум күні автобустар тегін қатынайды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының бірқатар қаласында референдум күні қоғамдық көлік тегін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістанның бірнеше қаласында референдум күні автобустар тегін қатынайды
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Түркістан облысының бірқатар қаласында қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Атап айтқанда, бұл шара Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында ұйымдастырылады.

Бастама тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады.

Тегін жол жүру барлық автобус бағыттарын қамтиды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, референдум күні өңірдегі дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00–ден кешкі 20:00–ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар