Түріктің ұшқышсыз ұшу аппараты тарихта алғаш рет әуедегі нысананы көру қашықтығынан тыс жойды

АСТАНА. KAZINFORM — Түрік жойғыш ұшағы «әуе-әуе» зымыранын пайдаланып дыбыстан жылдам реактивті нысананы көріну қашықтығынан тыс жойған алғашқы үшқышсыз жауынгерлік ұшақ болып, әлемдік авиация тарихына енді, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.

Түріктің ұшқышсыз ұшу аппараты тарихта алғаш рет әуедегі нысананы көру қашықтығынан тыс жойды
Фото: Анадолы

Сынақ Синоп қаласының маңындағы полигонда өтті. Ұшқышсыз ұшу аппараты нысананы борттағы белсенді фазалы тор көмегімен анықтап, ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыранды сәтті ұшырды. Ұлттық зымыран жоғары жылдамдықтағы нысанаға дәл тиді.

Әлемдегі ұшқышсыз әскери ұшақ жобаларының көпшілігі «әуе-жер» міндетін орындау үшін әзірленіп отыр. Осы уақытқа дейін әлемде ешбір ұшқышсыз платформа әуе нысандарын атып түсіру мүмкіндігіне ие болған жоқ.

Авиация тарихында алғаш рет толығымен ұлттық «радар-зымыран-ұшқышсыз тасығыш» ұлттық тізбегі әуедегі ұрыс миссиясын сәтті орындады.

Ұшқышсыз ұшу аппараты өте төмен радиолокациялық байқалуы мен озық сенсорларының арқасында жауды өзі анықталғанға дейін алыс қашықтықтан анықтай алады. 

Сынаққа Мерзифон әуе базасынан ұшып шыққан Түркия әуе күштерінің бес F-16 жойғыш ұшағы қатысты.

Kazinform үшін арнайы Anadolu серіктес агенттігі ұсынған.

Бұған дейін Түркия әскери өнім экспорты бойынша жаңа рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар