Түрмеден қашқандар ұсталды - ҚР ІІМ

Сейсенбі күні, 26 тамызда Алматының Медеу ауданында Павлодар облысындағы қоныс колониясынан қашқан сотталушы ұсталды.
«Ұрлық жасағаны үшін 6,5 жылға сотталған азамат Павлодар қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан Шідерті кентіндегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген. 2014 жылғы сәуірде еркін жүріп-түру құқығын пайдаланған ол жұмыс орнынан қашып кетіп, белгісіз бағытта бой тасалаған. Ол төрт айдан астам уақыт бойы іздестірілді. Ақыр соңында ҚАЖ қызметкерлері Алматы қаласы Медеу ауданының ІІБ криминалдық полициясындағы әріптестерімен бірлесіп оны оңтүстік астанада қолға түсірді», деп атап өтті Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі Борис Гаврилюк.
Осыған ұқсас жағдай сәрсенбі, 27 тамызда Жамбыл облысында тіркелді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ИЧ-167/10 мекемесі қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында сотталушы Тараз қаласында ұсталды. Есірткі таратқаны үшін Шымкенттегі қоныс колониясында 6 жыл мерзімін өтеп жатқан ол жұмыс орнынан ағымдағы жылғы 24 тамызда қашып кетіп, ізін суытқан.
Екі қашқын да уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, тергеу жүргізілуде.