Түрмеге есірткі мен ұялы телефон алып кірмек болған адамдар ұсталды
Бір апталық іс-шараның алғашқы қорытындыларын ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз мәслихатында жариялады.
«18-25 қыркүйек аралығында елімізде «Қадағалау» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – сотталғандар мен тергеуге, қамауға алынған адамдардың заңға қарсы әрекеттерінің алдын алу, қылмыстық атқару мекемелерінде тыйым салынған заттарды пайдаланудың жолын кесу. Профилактикалық іс-шара кезінде қылмыстық атқару жүйесі мен Ұлттық Ұланның 4 мың қызметкері қатысты», - деді ІІМ өкілі.
Сондай-ақ, ол бір апта ішінде жазаны өтеу тәртібін бұзудың 153 фактісі әшкере олғанын айтады.
«1747 тінту өткізілді. Оның ішінді бір жалпы тінту, мемекеге кірген атокөліктерді 1035 рет тексеру жүргізілді. 25 813 ұйым қызметкерлерін тексеру ұйымдастырылды. Сонымен бірге қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері де осынша рет тексерілді. Тінту нәтижесінде мекемеге кіргізбек болған 55 ұялы телефон, есірткі және 1000 теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. Мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан 4 адам ұсталды», - деді ведомствоның ресми өкілі.